#qyzylordatv #тазақазақстан

Ал, абаттандыру қағидаларына бағынбағандарға айыппұл салынады. Тұрғындар мен кәсіп иелері үй-жайларының сыртқы келбетін ретке келтіріп, айналаны таза ұстауға міндетті.

 ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ – ОПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қағидаға бағынбағандар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға – 78 мың теңгеден астам, шағын кәсіп иелеріне – 117 мың теңге, ал орта кәсіпкерлерге 393 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Қалалармен мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымын бұзбай, әрбір тұрғын өз тұрғылықты үй-жайларымен кәсіпкерлік нысандарының сыртқы қасбетін ретке келтіріп, сыртқы ауласынның қоқыстан тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Егерде құқық бұзушылық әрекеттер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілік бұдан да еселенетініне назарларыңызға саламыз.