#qyzylordatv
Дәрігер - парасатты мамандық иесі. Жанына шипа, дертіне дауа іздегенді кәсіби біліктілігімен ғана емес, жылы сөзімен, сезімтал жүрегімен сауықтырып жүрген абзал жандар. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен мәртебелі мамандардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Онда антына адалдық танытып жүрген ақхалаттылар марапатталды.
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау медицина саласында еңбек ететін әр маманның басты миссиясы. Қазір аймақтың денсаулық сақтау саласында 3 мыңдай дәрігер мен 12 мыңға жуық орта буынды мамандар жұмыс істейді. Олардың кәсіби біліктілігін арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше ден қойылып отыр. Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы медициналық инфрақұрылымды нығайту, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// біз медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, кадрларды тұрақтандыру мақсатында 100 пәтерлік жаңа тұрғын үй салуға шешім қабылдадық. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пәтер кілттері табысталады. 10:35-/ Облыс орталығында 36 млрд. 400 млн. теңгеге емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жүргізілуде.
Соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына барлығы 440 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінген. 24 емдеу нысаны күрделі жөндеуден өткізілсе, 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Жергілікті мамандар Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдеріндегі алдыңғы клиникалық базаларда өз біліктілігін арттырды. Мерейлі мезетті жемісті жұмыс атқарған сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Марапат мінберіне көтерілгендер қатарында - Хусан Төленбеков те бар. Денсаулық сақтау саласында 40 жылдан аса қызмет атқарған ол «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне тақты. Бейнетті жұмыстан зейнет тапқан дәрігер Сыр медицинасында серпін барын айтып отыр.
ХУСАН ТӨЛЕНБЕКОВ - МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /// сұлутөбеде дәрігер болдым. Жалағаш, Тереңөзек ауданында қызмет жасадым. Жедел жәрдемде жұмыс істедім. 00:27-/ Қазіргі медицина алға жылжып жатыр. Адамның өміріне барлығымыз қызмет жасадық. Бұдай кейінгі жастарымыз берекелі қызмет жасасын деп тілеймін.
Аймақта медицина саласын дамытуға бюджеттен тыс ресурстар да тартылып жатыр. «Қазақстан халқына» қоры соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Онкология орталығын құны 1 млрд. 100 млн. теңге тұратын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Нәтижесінде, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 9%-ға төмендеген.
БОЛАТ ҚОЖАБАЙҰЛЫ - ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ХИРУРГЫ /// Онкоорталыққа 1997 жылы келдім. Ол кезде біздің аппаратура тек қана УЗИ мен ренген болған. И то көне болған. Қазір КТ бар, бүкіл мүмкіндік бар. Дәрі дәрмекпен қамтылу өте жақсы.
Еліміздің ең басты байлығы адам мен оның өмірі десек, жауапкершілік жүгін арқалаған ақ халаттылар қашанда құрметті. Салтанатты шара соңы жабырқаған жанның жақыны болған дәрігерлер қауымына арналған концерттік бағдарламаға ұласты.