#qyzylordatv
Қызылордада еліміздің корейлер қауымдастығының мүшелері бас қосты. Аталған этнос өкілдері түрлі салада тізе қосып тірлік етіп, төл мәдениетін түлетуге уағдаласты.
Саясаттың салқыны қара¬пайым халыққа зәрдей әсер етері тарихтан белгілі. 1937-1938 жылдары сола¬қай шешім салдарынан Хабаровск өлкесіндегі корей халқы Қазақстанға жер аударыла бастады. Содан бері 88 жыл уақыт өтіпті. Ал, Қазақстан корейлер қауымдастығының бастамасымен 2027 жылы тарихи оқиғаның 90 жылдығын мазмұнды тойлау жоспарланып отыр. Осы орайда аталмыш қауымдастық мүшелері әр өңірге барып, жұртшылықтың ұсынысын тыңдауды жөн көрген. Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірінде 9 мыңға жуық корей этнос өкілдері тұрады. Олар бірлік пен ынтымақты бекем ұстап, екі ұлт арасындағы достықты нығайтуға айрықша үлес қосып келеді.
РОМАН КИМ – ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / Қазақстан қазір татулық пен бірліктің орталығына айналды. Біз мұны бағалауымыз керек. Қиын-қыстау кезеңде жергілікті жұртшылық біздің аталарымызға жарты нанын жарып берді. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өткен. Бірақ сол бір жақсылық, сол бір мейірімділік ізі біздің жүрегімізге орнығып қалды. Сондықтан ортақ отанымыздың өркендеуі үшін корейлер қауымдастығы шынайы атсалысып жатыр деп сенімді түрде айта аламын/