#qyzylordatv

Сыр сахнасында танымал кинофильмдердің саундтректері орындалды. Осылайша, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі облыстық филармонияның 53-ші маусымын жапты.

 Кез келген киноның мәнін арттырып, ауқымын кеңейтетін ол әрине, сәтті жазылған саундтрек. Сондықтан бұл саз кеші, бұрынға қарағанда өзгерек. Өңір мәдениетінің брендіне айналған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі тыңдарманға тың бағытта концерт ұсынып отыр.

 РУСЛАН БАЛМАСОВ - ТҰРМАҒАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРЫ/ Тұрмағамбет оркестірі болғандықтан өзіміздің күй өнері де ойналуға тиіс. Біз халықты қызықтыру мақсатында жастарды тарту мақсатында әлемдік және қазақ киноларынан саунтрек ойнауға шештік. / Әлемдік деңгейде барлық оркестір орнап жатқаннан кейін бізде как Эксперимент есебінеде қарастырып көрдік.

САМАТ АБЫЛАЕВ - ТҰРМАҒАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ /// Бүгінгі ойыналған әуендер халықтың құлағында жүрген әуендер. Мұндай әуендерді ойнау көп дайындықты қажет етеді. / Алдағы уақытта да мұны бір қайталап, түрлендіріп бір қайталау қажет. Дейтұрғанмен біз заманауиға да кетіп қала алмаймыз.

 Саз кешінде көпшіліктің ерекше махаббатына бөленіп, телеарнаның сәніне айналған, қанша уақыт өтсе де көрерменін жоғалтпаған әлемдік фильмдердің саундректері орындалды. Жаңа бағыттағы бағдарлама талғампаз тыңдарманның ерекше ықыласына бөленді.

 Табиғи дауыста оркестрмен қойылған кештің атмосферасы тыңдарманға тамаша тарту болды. Айтулы кеште орындалған әуезді ән де, мың бұралған би де өнерлі ұжымның шығармашылық әлеуетін паш етті.