#qyzylordatv
Жаңақорғанда жыл басталғалы 22 өрт оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімі алдын алу шараларын күшейтті. Кезекті рейдтік іс-шарадан тілші бейнематериалы.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үй-үйді аралап, жадынамалар таратып жүр. Өйткені, жеке сектор тұрғындары тұрмыс қалдықтарын өртеу барысында қауіпсіздікті ескере бермейді.Сол себепті де өрт оқиғаларының басым бөлігі жер үйлерде болған.
ШЫНБОЛАТ ШАМБИЛОВ - АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданы бойынша 22 өрт оқиғасы мен 30 өртке жатпайтын жану оқиғасы тіркелді. Статистикаға сүйенсек өрт оқиғаларының 70 пайызы тұрғын үй секторларында орын алады. Одан бөлек, 30 пайызы орман, дала алқаптарында, автокөліктерде немесе басқада нысандарда орын алады.
Қазіргі таңда орман алқаптары да ерекше бақылауда. Тіпті аудан аумағында минералды белдеулер жүргізіліп, өртті тоқтатуға арналған тосқауылдар салынды.
БАҚЫТЖАН ИСМАТОВ - ОРМАН ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ
Жаңақорған орман мекемесі бойынша жалпы көлемі 7 91 557 га. Орман өрттерін қорғау бойынша өрт қауіпті аумақтарды орман қоры жерінде жоспар бойынша 114 шақырым минералды белдеулер жаңадан салу, 228 шақырым минералды белдеулерді күтіп баптау 520 дана үгіт насихат плакаттары, 110 дана аншлагрды жағарту жұмыстары жүргізілді.
Десек те, апат айтып келмейді. Сондықтан мамандар тұрғындарды жауапкершілікке шақырып отыр. Әсіресе жаз айларында табиғат аясында немесе үй маңында от жағып, шоқты өшірмей кетуге болмайтынын ескертеді.