#qyzylordatv

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы және қала әкімдігінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Кезекті рейд каналдар мен су айдындары маңында ұйымдастырылды.

 Қала аумағында суға шомылуға болмайтын 16 учаске белгіленген. Соның бірі, қала шетіндегі «Сталин» каналы. Алайда аптап ыстықта адам да, мал да осы маңға үйір.

Интершум: Мұндай жерге баруға болмайды. Қауіпті. Белгі бар. Одан қайта ата-аналарыңмен аквапаркке, бассейнге барыңдар. Не істейсіңдер мынадай лас жерді?! Ауру жұғып кетуі мүмкін. Мал да жүр.

 ПАРАСАТ ЖАҢАБЕРГЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Мамыр айының 25-нен бастап күнделікті рейд жұмыстары өтуде. Дегенмен қадағалаусыз қалған балалар тыйым салынған жерлерде шомылып, арты өкінішті жағдайлармен орын алып жатқан оқиғалар бар. Жаз мезгілінде бізде үйірмелер бар. Балалардың бос уақытын үйлестіргілеріңіз келсе, үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Рейд барысында кейбір тұрғындар ескертуге құлақ аспақ түгілі, мамандармен ерегісуге дейін барды.

Бұл күні жауаптылар Сырдария өзені мен қала маңындағы бірнеше каналдың бойын шолып шықты. Оларды көре сала, жағалауды жағалай қашқан қала тұрғындар да кезікті.

Белгіленбеген жерге суға шомылып тұрсыздар. Сырдария өзені қауіпті. Өзіңіз көрдіңіз, өзіңіз мойындап тұрсыз. Сол себепті сізге ескерту, айыппұл шаралары қарастырылады. Келесіде мұндай жағдайды болдырмаңыздар.

 ЖАНДОС ЖҮГІНІСОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ Қызылорда облысында Сырдария өзені бар. Қаланың аумағындағы Сырдария өзені 94 шаршы метрді құрайды. 200-ден астам майда көлдер, каналдар орналасқан. Жыл басынан бері әртүрлі себептермен 14 адам қаза болып отыр, оның ішінде жетеуі бала. Жауапкершілікке тарту, 412 бап бойынша да 13 азаматқа ескерту жасалды.

Іс-шара барасында ескертуді елемеген тұрғындарға хаттама толтырылды. Рейд жұмыстары әлі де жалғасады.