#qyzylordatv
Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов жұмыс сапарымен Қызылордаға келді. Белгілі теолог дін өкілдерімен кездесіп, бірнеше мекемеде дәріс оқыды.
Дінмұхаммед Сманов Шиелі ауданындағы орталық мешітте және қалалық «Мырқы Қажы», «Нұр» мешіттерінде имамдармен кездесу өткізді. Жиында Ислам дінінің қадыр қасиеті, тағлымы турасында тереңнен сөз қозғалды. Сондай-ақ имамдардың білімін жетілдіру, ілім алудың маңызы, мешітке келген жамағатқа уағыз айту, жастарды жат ағымнан сақтау, дұрыс бағытта тәрбиелеу тақырыбында дәріс оқыды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі мұнан соң «Анаға тағзым» орталығында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездессе, Теннис орталығында спортшылармен сұқбаттасып, сауалдарына жауап берді. Ал, Талсуат оңалту орталығында әлеуметтік сала қызметкерлері және ем алушылармен жүздесті. Еркін форматтағы басқосуда ата-ананың қадірлеу, үлкендерді құрметтеу, бала тәрбиесі секілді маңызды мәселелер талқыланды.
ДІНМҰХАММЕД СМАНОВ, ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ \Бұл жердегі мақсатымыз жалпы халықпен, жастармен кездесіп, олардың дін мәселесі туралы сұрақтарына жауап беріп, қай жаққа бағыт алу керектігі айтылып, түсіндірілді. Сапар барысында имамдармен де жолықтық. Аллаға шүкір имамдарымыздың діни білім саласында, зайырлық білім саласында көздері ашық, көкірегі ояу екендігі байқалады \\\