#qyzylordatv

 Облыс орталығындағы 55 те 47 әскери бөлімінде тексеріс болды. Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының өкілдері әскери техникалардың жай- күйін бақылады.

 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Игорь Поповский бастаған комиссия мүшелері әскери бөлімнің техникалық жарақталуын мұқият тексерді. Темір тұлпарлардың күтіміне баса мән берілді. Көлік құралдарының сыртқы түріне, байланыс құралдарының жарамдылығына да назар аударылды.

 Айта кетейік, қазіргі таңда әскери бөлімде 76 дана техника бар.

ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Мәселен, салмағы 10тонна болатын мына Донгфенг маркалы жауынгерлік техникасы ұрыс даласындағы әскери қызметшілерге қару жарақ пен оқ дәрілерді және арнайы мақсатта қолданатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы. Заманауи дизайнмен жабдықталған жүк көлігінің екі данасы дәл осы әскери бөлімге былтыр ғана жеткізілген. Автокөлік жаңа ғана толық тексерістен өткізілді. Техника кездесетін кедергілерге сақадай сай!//

 ЕРКЕБҰЛАН ШАРЫҚБАЕВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ //Жылдан жылға әскери бөлімдері техникалардың жағдайы жоғарылап келеді. Жаңа техникаларда беріліп келеді. Мемлекеттен қолдаулар көрсетіліп келеді. Тексерістен белгілі бір кемшіліктер анықталған жағдайда ол дер кезінде жоюға іс-әрекеттер жасалып, жүргізушіге түсіндіреміз. Қазіргі күні барлық техника қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Алдағы уақытта әскери бөлімнің жеке құрам саны өсуіне байланысты қосымша автокөліктермен қамтамасыз етіледі.//

Тексеріс барысында жүргізушілердің біліктілігі де сараланды.

 НҰРДӘУЛЕТ БАЛҚИЯ – 5547 ӘБ АВТОБРОНЕТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ //Жалпы әскери бөлімнің 60 пайызы келісім шарт бойынша қызметшілерден тұрады. Қалғандары мерзімді әскери қызметшілер. Олар жеңіл автокөліктер және арнайы медициналық, сондай-ақ, тылмен қамтамасыз ету техникалардың жүргізушілері болып табылады. Жүргізушілердің барлығы жыл бойы арнайы бағдарлама бойынша 2 ай дайындықтан өтеді. Әскери техниканы біз көктемгі және жазғы, күздік және қысқа қарай маусымдық тексерістен өткіземіз. Сол уақытта техникалық жөндеу жұмыстарын жасаймыз.//

Әскери саланың техникалық жай-күйін жан-жақты және объективті бағалау маңызды. Осындай бақылаудың арқасында соңғы екі жылда еліміздегі ішкі әскердің техникалары біршама жаңарған.