#qyzylordatv

Кез келген құрылыс, тіпті жекеменшік аумағындағы құрылыстар да заң аясында жүргізілуі тиіс. Бұл талаптарға немқұрайлы қарау - азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Осы орайда облыс әкімінің тікелей қадағалуымен құрылыс нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарына қатты мән беріліп жатыр.

 Жыл өткен сайын қала аумағында кәсіпкерлік нысандар көбейіп келеді. Алайда бұл нысандардың кейбірінде құрылыс нормалары сақталмай отыр. Жолаушылар жүретін жолды иеленіп, «қызыл сызықтан» асып кеткендері бар. Аймақ басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы жұмысшы топ рейд барысында осындай заңбұзушылықтарды анықтады.

 ДІНМҰХАМБЕТ СЫРЛЫБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Сіздер құрылыс материалдарыңызды, заттарыңызды көшенің жүріс бөлігіне қойғансыздар ғой,халықтың қаншама,адамдардың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, мына жерде постоянно техникаларыныз жүр, мынау сіздің жеріңіз емес қой, сіздің жеріңіз өзіңіздің белгіленген аумағыңызда, соның ішінде істеңіз құрылысыңызды. Ескертпе береміз, қол қойып алып қалыңыз, жақсы

 Ал, мына азық-түлік дүкенінің алдына заңсыз қосымша нысан салынған. Жаяу жүргіншілер жолына кедергі келтірген кәсіп иесіне де ескертпе қағаз берілді. Дәл осы көшеде орналасқан сауда орталықтарының алдына бір емес, екі дүңгіршік қойылған. Екеуінің де рұқсат қағаздары рәсімделмеген болып шықты. Санитарлық талап та сақталмаған.

 МЕЙРАМБЕК ӘЖІБЕКОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Аталған аумақты қойған кезде қаланың архитектура және сәулет заңына сәйкес рұқсат алу керек қой, салынатын құрылыстың алдын-ала, ол жағдай ескерілмеген ғой, содан соң дүңгіршек сүрілуге жатады, соған жұмыс жасаймыз.

 Амангелді Иманов көшесінде орналасқан мына нысан да заңсыз деп танылды. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр,ал әкімдіктен рұқсат алынбаған. Меншік иесі құжаттарды рәсімдеп үлгермегенін айтып ақталды, дегенмен алдағы уақытта заңға сәйкес жұмыс жасап, кемшіліктерді реттеуге уәде берді.

 Заң бұзушылыққа жол берген барлық меншік иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-ші бабына сәйкес ескерту берілді. Сондай-ақ, тиісті шара қолдану үшін облыс бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына хат жолданды. «Тексеру жұмыстары әлі де жалғасады»-дейді мамандар.