Түзету колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушыға жілік майға жасырылған есірткіні өткізбекші болған. Ерекше сәлемдеме сәлем-сауқатты тексеру барысында арнайы құрылғы арқылы анықталған.

Азық-түлік салынған сөмкені мекемеге сотталушының танысы алып келіпті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, баппен асылған жілік ішінен буып-түйілген заттарды алып, оны сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 296-шы бабы бойынша бұл әрекетке 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп мәлімдеді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.