Өңірде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 81 адам қаза тапты. Түрлі дәрежедегі жарақат алғандар саны 667-ге жетіп отыр. Қара жолдағы қайғылы оқиғалардың белең алуына ең алдымен жүргізушілердің жүгенсіздігі мен жауапсыздығы себеп болып отыр, дейді мамандар. Әсіресе, көлік жылдамдығын шамадан тыс асыру жағдайлары жиілеген.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда мен Ақтөбе облысы аралығын жалғайтын аумақта тәулігіне 10 мыңға жуық көлік жүріп жатыр. Жыл басынан бері аталған аумақ аралығында 53 жол-көлік апаты орын алса, оның 35-і қайғылы жағдаймен аяқталған.
ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ //Кемінде 1 ауданда 3-4 елді-мекеннен бар. Сол елді-мекеннің қызметкерлерін Ішкі Істер министрлігінің жоспарына сәйкес, біз барлық учаске инспекторларын, патрульдік полиция қызметкерлерін жұмылдырып, автокөліктердің кептеліс уақыттарында жұмыс жасап жатырмыз. Онымен қоса, көліктердің өзінен-өзі аударылатындардың көбісі жолда ұйықтап кетуден болады. Сондықтан біз күнделікті оларды қызметкерлермен бірігіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.//
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА
Баспасөз брифингінде кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы да сөз болды.
ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ЖПҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ //Зерттеу барысында қылмыстардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларынан, жыныстық тиіспеушілік, бұзақылық және зәбір көргендер болып табылады. Яғни, 2024 жылдың 16-шы маусымынан бастап қолданысқа енген ҚК 108-1 бабы және 109-1 баптары бойынша 8 қылмыстық іс бойынша жәбірленгендер жасөспірімдер. Осыған сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылдап келеміз.//
Жасөспірімдердің беймезгіл уақытта тентіреп жүрмеуін тәртіп сақшылары бақылауда ұстап, профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Соның нәтижесінде, жыл басынан бері 8212 құқық бұзушылық анықталып, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 249 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілген. Тағы 5996 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.