#qyzylordatv

Ақын, жазушы, журналист Бекжан Сүлейменовтің «Ауылдың дәмі» атты кітабы оқырманға жол тартты.

 Жаңа туындыда автор туған жер, ауыл өмірі, ұлттық құндылықтар, елдік пен адамгершілік туралы толғаныстары мен тағылымды естеліктерін қамтыған. Сондай-ақ қазақ ауылының тыныс-тіршілігі, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық болмыс пен рухани сабақтастық мәселелері кеңінен сөз болады.

АЛМАС АЛМАТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖЫРАУ

Ауылдың дәмі дейтін үлкен жинақтың тұсаукесерін облыстық кітапханада өткізіп жатырмыз. Ауылда өскен адамның сағынышы да ауыл және тұлғалық, образдық тұрғыдан да, мазмұндық тұрғыдан да сол ауыл өміріне негізделеді.

Шараға қатысушылардың айтуынша, еңбекте автордың туған топыраққа деген құрметі мен сағынышы айқын көрініс тапқан.

 РЗАҚҰЛ НҰРТАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Ол жерде енді Бекжанның туған жеріне деген ерекше махабатын білдіреді. Әрбір жазылған шығармасын қарап оқып отырсаң, өзінің туған жерге деген махабатын көрсетеді және де ол жердің адамдарын, азаматтарын кейіпкер ретінде жан-жақты көрсете біледі.