#qyzylordatv #заңментәртіп
Қала әкімдігінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында әдістемелік семинар өтті. Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың өзара байланысы және «Қызылорда – қауіпсіз қала» жол картасында әзірленген нақты тапсырмалар айқындалды.
Прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бекітілген «Қызылорда – қауіпсіз қала» жол картасы 93 тармақтан тұрады. Оның 79-ында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылатын міндеттер айқындалған. Онда барлық өзекті мәселелер қамтылып, олардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар көрсетілген. Әсіресе, кент және ауыл әкімдері жол картасының іс-шараларына ерекше жауапкершілікпен қарауы тиіс, дейді қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов. Сондай-ақ, басқосуда азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен құқықтық мәдениетті нығайту және тұрғындардың өтініштері мен шағымдары басты назарда болу керектігі сөз болды.
ӨРКЕН ШАЛБОЛ – ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жол картасының нақты іс-шаралары мен оны орындауға жауапты мемлекеттік органдар айқындалған.Яғни, біз орындаймыз әкімдік. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі нәтижелі орындалу көбіне әкімдіктердің үйлестіруімен және ұйымдастыруымен қызметімен байланысты. Осыған орай, құрметті әріптестер кент және ауыл әкімдері бекітілген жол картасының іс-шараларына ерекше назар аударып, жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Заң ұстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленген.