#qyzylordatv
Облыс активіне жаңа кадр таныстырылды. Осы дүйсенбіден бастап облыс әкімінің орынбасары ретінде Нұриддин Аманқұл қызметін бастады. Ол қандай салаларға жауапты болады және еңбек баспалдағы қандай салаларда қаланғаны туралы тілші тарқатсын...
Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке 40 жастағы Нұриддин Аманқұл келді. Мамандығы экономист. Соңғы жылдары Сыртқы істер министрлігінде шет елдік инвестиция тарту комитетін басқарған, ҚР Стамбул қаласындағы бас консулы лауазымында болды. Еңбек жолындағы дерекке қарасақ, үлкен жауапты қызметтер атқарған, тәжірибелі маман екені көрінеді.
Нұриддин Аманқұлұлы кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларына жауапты болмақ. Айта кету керек, бұл қызметті осыған дейін тәжірибелі маман, бірнеше тілде еркін сөйлейтін Ардақ Зебешев абыроймен атқарған болатын. Соның нәтижесінде Сыр еліне соңғы 4 жылда молынан инвестиция тартылды, жаңа кәсіпорындардың іргесі қалана бастады. Енді сол басталған істі одан әрі жалғап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықтың әл-ауқатын одан әрі көтеру керек деді мәжілісте сөз алғандар
Ал, өңірлік инвестициялық штабтың тең төрағасы, облыс прокуроры Ризабек Ожаров инвесторлардың құқын қорғау ісінде әріптестік бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын айтты
Және бір еске сала кетейік, жаңа орынбасарға агросектор саласына да жауапты болу қоса тапсырылып отыр, бұл дұрыс қадам болды дейді еңбек ері Имамзада Шағыртаев, себебі соңғы кезде асыраушы салаға бет бұрып жатқан инвесторлар қатары артып келеді.
Қызылорда үшін жаңа жұмыс орындары өте қажет. Мейлі ол агросекторда болсын, мейлі ол тау-кен саласы, мейлі ол тағам өндірісінде болсын. Облыс әкімінің жаңа орынбасары бұл бағытта нәтижелі жұмысын көрсетеді деген сенім зор