#qyzylordatv #тазақазақстан

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының жастары мен тұрғындар белсене атсалысты.

Сенбілік жұмыстары Әйтеке би кентіне кіре беріс пен шет аймақтарда, Қашақпай Пірімов көшесі, Қазалы мәдени-демалыс кешені мен барлық ауылдық окугтерге жүргізілді. Аяқ су арықтары тазаланып, тұрмыстық қатты қалдықтар мен күл қоқыстар жиналды. Айта кету керек, аудан көлемінде бір күннің ішінде 18 тоннадан астам қоқыс арнайы техниканың көмегімен полигонға шығарылды. Шараға аудан әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БИХОЖА ЖҰМАШОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аудан прокурорының өкімімен жұмысшы топ құрылып, рейдтік іс-шаралар және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру талаптарын бұзу деректері анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда. Осы тұрғыда аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамыз.