#qyzylordatv

Елімізде жыл өткен сайын су тапшылығы өте өзекті мәселеге айналып отыр. Осы орайда «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Сыр суы» филиалының мамандары Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына барып, кәсіп иелерімен кездесті. Суды суды үнемдеп пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Автокөлік жуу және кілем тазалау орындарында суды ысырап ету жағдайлары жиі орын алады. Сондықтан мамандар кәсіп иелеріне суды тазартып, қайтадан қолдануға арналған қондырғы орнату керектігін ескертті. Себебі, 2027 жылдың қаңтар айынан бастап автокөліктер мен кілемдерді жуу үшін ауыз суды пайдалануға тыйым салынады.

 ҒАНИБЕК ОМАРОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК «СЫР СУЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

Cуды үнемдеу бүгінгі емес болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан қадам...

 Жаңа технологияны енгізу – уақыт талабы. Бұл біріншіден, заң аясында жұмыс істеу болса, екіншіден экономикалық жағынан тиімді болмақ.

Яғни, кәсіпкерлер үшін коммуналдық қызметтерге төленетін шығын көлемі азаяды.

 Өңірдегі кейбір ірі өндіріс орындары суды қайта пайдалану жүйесін енгізіп, жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі - «Аралтұз» кәсіпорны. Зауыттың өндіріс цехында арнайы қондырғылар орнатылған.

Осылайша айналымды сумен жабдықтау жүйесін пайдалану кәсіпорын шығындарын қысқартып, өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.