#qyzylordatv

Қызылордадан Ақтауға тікелей әуе рейсі ашылды. Тасымалды «SCAT» авиакомпаниясы жүзеге асырады. «Қорқыт ата» әуежайында жаңа бағыттың алғашқы жолаушыларын салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетілді.

Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс облыс орталығына 146 жолаушыны жеткізді. Сыр өнерпаздары ұшақтан түскен жолаушыларды ән жырмен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтар ыстық бауырсақ пен қымыздан дәм татты.

Жаңа рейстің ұшу уақыты аптасына екі рет — сәрсенбі және сенбі күндері. Ұшақ Қызылордаға сағат 16:00-де қонып, Ақтауға 17:00-де ұшып шығады.

 Қуантарлығы субсидияланатын бағыт бойынша авиабилет құны тұрақты болып қалады. Мәселен, бір бағытқа 25 мың теңгені құрайды. Жаңа әуе бағытының ашылуы өңірлер арасындағы транзиттік байланысты арттыруға мүмкіндік береді.