#qyzylordatv
Облыс орталығында мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл Quiz» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен өткенің шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін, қоғамдық жауапкершілігі мен оң имиджін қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді кеңінен насихаттауға арналған байқауға жеті команда қатысты. Олар «Quiz Time», «Суреттер сөйлейді», «Жұмбақ әуен», «Тұлғаны таны», «Кино Time» атты 5 кезеңнен тұратын байқау шарты бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде қатысушылар өңірдің тарихына қатысты сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде жасырылған суреттер арқылы мақал-мәтелді тапты. Мұнан кейінгі кезеңде әнге және тұлғаларға қатысты сауалдар қойылса, шешуші сайыста қазақ фильмдерінен үзінді көрсетілді. Нәтижесінде, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы командасы бірінші орынға ие болды. Ал, екінші орынды Дін істері басқармасы жеңіп алса, экономика және қаржы басқармасы үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, мұндай байқау жыл соңына дейін кезең-кезеңімен барлық ауданда ұйымдастырылмақ.
ҒАЛЫМЖАН ІЛКІБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекеттік қызметшілердің білімділігін, олардың тіл байлығын сонымен қатар, арадағы достықты одан әрі нығайту болып табылады.