#qyzylordatv
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жыр жинақта қаламгердің балалық шағынан бастап жазған туындылары түгел топтастырылған.
Кітаптың таныстырылымына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров пен Амангелді Есбай қатысып, игі лебізін жеткізді. Ал, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының өкілі, ақын Қаршыға Есімсейітова жинақтың жаңашылдығы мен тағылымдық мәніне тоқталды. Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырмандармен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, қаузалған тақырыптары турасында ой бөлісті. Кітап әзірге 500 данамен жарық көрген. Жинақта қаламгердің туындыларынан бөлек аудармалар да бар. Тағлымды кеште оқырмандарға автордың қолтаңбасы қойылған құнды қазына сыйға тартатылды.
НҰРТӨРЕ ЖҮСІП - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Биыл елге бер есеп беру турасында. Сосын өскен, есейген уақытта осы бала кезден осы уақытқа дейінгі жазған жырларды бір жинаққа топтастырып, Алматыдағы арнау баспасынан шықты. Бұндағы мақсат, жастарды кітап оқуға баулу, қазақ сөзінің қайнарын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге байланысты ойлар болды. Соның негізінде осы шараны өткізіп жатырмыз.