«Абырой» жас мемлекеттік қызметшілерді даярлау мектебі кезекті оқу маусымын ашты. Оқу курстарына бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер іріктеліп алынды. Олардың арасында мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгер, әлеуметтану мамандықтарында оқитын жастар бар. Жобаның мақсаты – болашақ жас қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігі мен тәжірибиесін арттыру.

«Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында студенттерге алғашқы дәріс оқылды. Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев мансаптық өсу жолы туралы ақпаратпен бөлісті.

ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

// Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірігіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетітнің жоғары курс студенттеріне арнайы дәріс ұйымдастыру мақсатында жиналып отырмыз. Болашақ біздің әріптестеріміз мемлекеттік органдардан тәжірибеден өтетін болады.//

Кездесу барысында студенттер мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдану және өңірлік кадр резервіне қосылу мүмкіндіктерімен де танысты.

БЕРІКБОЛ ЕРЛЕПЕС – СТУДЕНТ

// "Абырой" мектебіне іріктеуден өтіп, осы мемлекеттік қызметтер бойынша білім алудамыз. Болашақта мемлекеттік қызметтік істер агенттігінде жұмыс жасағым келеді. Бұл дәрістен керекті білім жинақтаймын деп ойлаймын. Еліме болашақта адал қызмет етемін.//

АҚЗАДА МАДАЛИЕВА – ҚР ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ

// Жас мемлекеттік қызметшілер әртүрлі тақырыпта біліктілік артыратын болады. Солардың бірі мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі. Жобалық менджмент, аналитикалық жазба және ертең қызметке барғанда өздерінің тиімді коммуникациялар, мансаптық өсу жолындағы қосымша курс, семинарлар мен танысатын болады.//

Алдағы уақытта студенттер мемлекеттік мекемелерде тәжірибе жинап, кәсіби біліктілігін арттырады. Сондай-ақ, оқуын сәтті аяқтағандар сертификат алып, мансаптық өсу мүмкіндігіне ие болмақ.