Облыста отбасылық жанжалға қатысты құқықбұзушылықтар 4 есеге ұлғайған. Көп жағдайда әйелдер мен балалар жапа шеккен.
Бүгінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейгені белгілі. Алайда Заң қатайса да, зәбір көрген жандардың қатары азаяр емес. Әкімшілік істер де белең алған. Мәселен, биыл тұрмыстық кикілжің мен ұрыс-керіс салдарынан мыңға жуық азамат әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған.
ӘЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ - ҚПБ ЖПБ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Бұған дейін – ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы; 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама рәсімделсе, 2024 жылдың маусым айның 16 күнінен бастап ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Отбасында орын алатын қылмыстардың көпшілігі ішімдік ішіп алу салдарынан туындайды. Қылмыстар өсуде өкінішке орай, соңы өлімге әкелген жағдай тіркелген жоқ.
ГҮЛНАР СЕКСЕНБАЕВА – ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі күнге 563 әйелден өтініш келіп түскен. Жан-жақты қолдаудан бұрын өзіміздің тарапымыздан ол кісіге қандай көмек керек екенін анықтаймыз. Ол кісінің бірінші отбасылық жағдайына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сүйемелдеу жұмыстарын жасай береміз.