Арал ауданы, Сексеуіл кентінің аумағында 2038 дана киік мүйізі тәркіленді. Жойылу қаупі төнген жануардың мүйізін сатумен айналысты деген күдікпен қызылордалық қос тұрғын құрықталды.
Бұл дерек жедел-іздестіру шаралары кезінде анықталып отыр. Тексеру барысында электронды таразы мен 2 көлік тәркіленген. Ал 2038 дана киік мүйізінің жалпы салмағы 400 келіні құрайды. Облыстық полиция департаменті, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.