Сырдария ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы қорытындыланды. Бір айға созылған Іс-шараны сапалы ұйымдастыруға атсалысқан құқық қорғау органдары өкілдері мен ерікті жастар марапатталды.

 Нашақорлық - бүгінде әлеуметтік ауру статусына ие болған. Өкініштісі, есірткіге әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді. Бір айлық науқан барысында аудандық прокуратураның қызметкерлері мен «Сырдария жастары» еріктілер тобы көпшілікке осыны ұғындыруға тырысты. Оқушы, студент жастармен кездесулер ұйымдастырып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Пікір алмасып қана қоймай, спорттық шаралар өткізді.

ДИМАШ БАЙДУШЕВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Іс-шара аясында аудандық прокуратурамен арнайы жоспар бекіттік. Соның аясында аудандық полиция, мәдениет, спорт, жалпы жастар арасында білім саласы барлық жерлерде осыған байланысты шаралар өткіздік. Мақсатымыз – жас балаларымызды, студент қатарында жүрген жастардың бәрін осы дерттен аулақ ұстап, алып қалу. Бір айдың өзінде ауқымды шаралар өтті.

АСҚАР КЕМАЛОВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ

Өкінішке орай, статистикалық мәліметке сүйінсек Сырдария ауданында есірткі егу фактісі көлемді тіркелді. Негізінде өткен жылы 20-ға жуық фактілер тіркелді. Биыл одан аз. Бұл жұмыстар бойынша тиісті шаралар атқарылды. Кінәлілер жазаға тартылды. Енді айлық акция аясында біз әлі де болсын осы есірткінің зияны жайында ақпараттар таратып, ескертіп жатырмыз.

Акция барысында белсенділік танытқандар аудан әкімі мен аудан прокурорының алғыс хатымен марапатталды.

Бір айға жалғасқан «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы мұнымен тоқтап қалмайды. Енді мұндай іс-шараны жыл бойы ұйымдастыру жөнінде нақты жоспар әзірленіп жатыр.