Қызылордада көпқабатты тұрғын үйдегі баспалдақтың темір қоршауына басын қысып алған 4 жастағы балаға құтқарушылар көмекке келді.
Оқиға кеше қаладағы «Арай» шағын мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Ойын баласы подьездегі баспалдақтың темір қоршауына басын тығып, қайта шығара алмай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен темірді кесіп, бүлдіршінге көмек көрсетті.