#жануарлардықорғау #заңментәртіп #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv
Өңірде «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 74 құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кең даланың киесі атанған киіктерді аяусыз ату деректері тыйылмай тұр. Қаскөйлер құрып кетуге жақын жануарларды атып, оңай олжаға кенелуді көздейді. Табиғатты қорғау заңнамасы аясында қолға алынған сақтық шарасы бірінші желтоқсанда басталған. Содан бері 74 құқық бұзушылық анықталса, соның бесеуіне қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында дала жануарын аяусыз қырған бірнеше дерек тіркелген. Мәселен, кезекті тексеріс барысында Жалғаш ауданында бір автокөліктен 27 киіктің денесі тәркіленді. Қазір 48 жастағы азаматқа тергеу шаралары жүргізілуде.