Аймақ полицейлері 1 аптаның ішінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 100-ге жуық жүргізушіге көмектесті.

Мәселен, өткен аптада «Шымкент-Самара» тас жолында жүк көлігі бұзылып қалған жүргізушіге жәрдемдескен. Көлігі жөндеуден өткен жүргізуші полицейлерге алғысын білдіріп, әрі қарай Алматы қаласына бет алған. Осындай оқиғалар орын алмас үшін полицейлер алыс сапарға қамданарда ауа-райы болжамы мен жол қызметтерінің хабарламаларын мұқият қарап, сапарды жоспарлап шығуға кеңес береді. Сондай-ақ жолға шығардан бұрын көліктердің техникалық жағдайын тексеру керек екендігін де еске салады.