Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жылдың соңғы жалпы отырысында Палатаның жұмысын қорытындылады. Осы сессия басталғалы Палатаның қарауында 106 заң жобасы болды. Оның ішінде 37 заң қабылданып, 19-ына Президент қол қойды.

 Мәжіліс спикері қабылданған бірқатар заңдарға екпін түсіріп, мән-маңызына тоқталды. Мысалға, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы мен қолды болған капиталды қайтару туралы заң – әлеуметтік әділдік орнатуға бағытталған. Ал, халықаралық қоғамдастық отбасындағы және тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заңға жоғары бағалап отыр. Кредит берудегі қауіп-қатерді барынша азайту туралы заңнан қазірдің өзінде оң өзгеріс бар. Түркістанның ерекше мәртебесін бекітуге негізделген заң екінші оқылымда мақұлданды. Бұл – мәдени мұраны сақтаудағы маңызды қадамның бірі.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

«2024 жыл Парламент Мәжілісі үшін де нәтижелі болды. Жыл басынан бері біз Мемлекет басшысының Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларын орындау үшін бірқатар маңызды заң қабылдадық.Әлеуметтік әділдік орнатуға бағытталған конституциялық нормалар биыл толық іске асырыла бастады.Ең бастысы, халқымыздың әл-ауқатын арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы әрдайым басты назарда болуға тиіс».