Оқушыны жарты жылдан аса жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген атышулы іс бойынша тағы бір адам сотталды. Оған кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет психотроптық заттарды тұтынуға көндiрген деген айып тағылып отыр. Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденген. Осылайша 31 жастағы қызылордалыққа сот үкімімен 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 ӘЛІБИ ЗЕЙНУЛЛА - ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

 ҚР ҚПК-нің 29, 387, 390, 392, 393, 395, 398, 401, 402, 404 баптарын басшылыққа ала отырып сот үкім етті. ҚР Кодексінің 299 бабының 3 бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленсін!

Айта кету керек, қоғамда резонанс тудырған іс бойынша сот процесі жабық өткізіліп жатыр. Ал бұл дәл осы іс бойынша бесінші сотталушы.