Президент тапсырмасына сәйкес облыстық прокуратураның бастамасымен жыл басынан бері маңызды инвестициялық жобалар сүйемелденіп келеді. Бұл отандық және шетелдік инвесторлардың кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр.
Сондай-ақ, прокуратура инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда кездесетін әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал жасауда. Мәселен, қытайлық «Гежуба Шиелі Цемент» компаниясы бір жылдан аса уақыт бойы цемент зауытының санитарлық-қорғаныш аймағын белгілей алмаған. Инвестордың уәжі зерттеліп, ұсыныстар бойынша уәкілетті органның қолдауы нәтижесінде санитарлық қағидаға тиісті өзгерістер енгізілді.
Жалпы жыл басынан бері облыстық прокуратурамен 3184 кәсіпкердің құқы қорғалған. Оның ішінде 81 кәсіпкерге тиесілі 74 млн теңге өндіріліп, 399 шарт заңнамаға сәйкестендірілді.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ
Бұдан бөлек, құны 450 млн АҚШ доллар полиметалл кендерін өнеркәсіптік игеру тұратын бу-газ құрылғысының құрылысы бойынша жобаны кеңейту үшін прокурорлық сүйемелдеу аясында «Акса Энерджи» түрік инвесторына қосымша жер берілді. Сондай-ақ, полиметалл кендерін өнеркәсіптік игеру жобасын жүзеге асырып жатқан «ШалқияЦинк ЛТД» Акционерлік Қоғамына жеке сот орындаушымен негізсіз қозғалған атқарушылық іс тоқтатылды. Дәл осы инвесторға «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында Табиғи монополияларды реттеу департаменті 19 әкімшілік іс негізсіз қозғағанын анықтап, іс жүргізуді тоқтаттық. Нәтижесімен инвестор 112 млн теңге айыппұл төлеуден босатылды. Жалпы инвесторлардың құқығын бұзғаны үшін әртүрлі деңгейдегі 9 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Осы жұмыстар аясында жалпы ел экономикасына үлесі 742 млрд теңгені құрайтын 24 инвесторға, оның ішінде Түркия және Қытай елдерінің инвесторларына ауқымды көмек көрсетілді.