Биыл облыстық перинаталдық орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 321 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ биыл өлім-жітім көрсеткіші 15 пайызға азайып, туу көрсеткіші артқан.

 Облыстық перинаталдық орталықтың басты жаңалығы - «Voluson E10» эксперт класс медициналық ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылды. Бұл құрылғы құрсақтағы баланың туа біткен ақауларын дер кезінде анықтап, сәби өлімі мен мүгедектіктін азайтуға үлкен мүмкіндік береді.

 ГАУҺАР ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ ДӘРІГЕРІ

Әлемдегі ең жақсы аппараттың бірі. Біз өте қуаныштымыз. Он күннің көлемінде келді. Соңғы кезде енді бірінші орында тұрған ақаулардың ішінде синром хромосомдық аурулар соны анықтаймыз. Жалпы жүкті әйелдер үш рет өту керек скриниктен. Әр скрингте анықтайтын ақаулардың түрлері бар.

Орталыққа мұнан бөлек республикалық бюджет есебінен BioGuard ламинарлы боксы, 10 дана инфузиялық насос, 8 дана медициналық жедел жәрдем арбасы, құны 34,5 млн. теңге құрайтын 11 дана көпфункциялы фетальды монитор сатып алынды. Ал, облыс әкімдігінің қолдауымен жаңа туған нәрестелерге арналған жылытқыш неонатальды жүйе, инкубатор, ота жасау столы алынып, қызмет көрсетуде.

МАЯ МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа айтылған медициналық құрал-жабдықтармен қамту 84 пайыздан 87 пайызға дейін жоғарылап отыр. Үлкен мақтанарлық жағдай жергілікті бюджет қаражаты есебінен 144 млн теңге мамандардың біліктілігін арттыруға бөлінген болатын. ТМД елдерінде, Беларус, Ресей мемлекетінде,Турцияда, Францияда біліктілігін жетілдіріп келді.

 Тағы бір жаңалық, орталықта «Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылды. Сондай-ақ, «Біркүндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылып, жүкті әйелдер толыққанды тексеруден өтуде.

 МАЯ МИРЗАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Бұл жерде құрсақішілік даму ақауларын ерте анықтау мақсатында бір күннің ішінде анализ тапсырып, сол жерде генетик мамандардың қарауына өтеді.

 БОТАКӨЗ ОМАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

мерзімінен бұрын босандым. Баламның салмағы 2 кг 400 болды. Қазіргі уақытта осы орталықта ем қабылдап жатырмын. Алақандай ғана бала өмірге келедіғой. Біз оны ұстамақ түгілі қасына жолауға қорқамыз. Бізге адам қалпына келтіріп, күндіз түні қасында болып қолға ұстауға, икемге келетіндей етіп береді баламызды. Заманауи аппараттармен балдарымызды емдеп жатыр. Рақмет айтамыз.

 Атқарылған жұмыстардың арқасында өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Мәселен, облыс бойынша жыл басынан бері 16 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Ал, өлім жетім 15 пайызға азайған.