Бүгін өңірдің батысы мен солтүстігінде және орталық аймақтарында тұман болады. Сондай-ақ облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайлар департаменті жолда абай болу керектігін ескертеді.

 Ал мереке күндері аймақта 7 мәрте дауылды ескерту тіркелген. Сондай-ақ республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолы екі рет жабылды.

 НҰРБОЛАТ ҚИЯТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

 «Мереке күндері департаменттің жауынгерлік есебінде: 186 қызметкер, 55 бірлік техника, 2 тікұшақ, 2 қайық, 1 кинологиялық есеп қызмет атқарды. 2024 жылдың 31 желтоқсан мен 2025 жылдың 4 қаңтары арылығында аймақта жедел жағдай жалпы тұрақты өтті».

Диктор студияда: Сондай-ақ мереке күндері аймақта жедел жәрдем қызметінің 103 желісіне 6 мыңнан астам, 109 Бірыңғай байланыс желісіне екі мыңға жуық хабарлама түскен. Және облыс бойынша 68 сәби дүние есігін ашты.

 ЖАҢЫЛ ӘБУБӘКІРОВА - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Мереке күндері 458 дәрігер кезекшілікте болса, 1 468 орта буын медицина қызметкерлері мен 369 кіші медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Сонымен қатар мейрамға қатысты пиротехниканы пайдалану салдарынан зардап шеккен бір науқас болды. Ол Арал аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір емін алуда. Жалпы бұл күндері облыс бойынша барлығы 79 жедел жәрдем тобы жұмыс атқарды.