#арал #әлеуметтікнысандар #жаңалықтар #аурухана #мектеп #газ #qyzylordatv
Жаңа жыл аралдықтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Сексеуіл кентінде 40 төсектік аурухана ашылса, Арал қаласында алғашқы «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Ал, Тоқабайда дәрігерлік амбулатория жұмысын бастаса, Сексеуіл мен Шижаға ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Жұмыс сапарымен ауданға барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев нысандардың ашылуына қатысып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті.