#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #бизнесмен #парламент

Парламент Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов қызылордалық кәсіпкерлермен кездесті. Жиында бизнес өкілдерін толғандырған мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлер тарапынан әсіресе салық заңнамасы бойынша ұсыныстар көп болды. Сондай-ақ жекелеген медицина мекемелері өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, шұғыл көмек көрсету кезінде қызметтік көліктерге айыппұл салу деректері жиілеген.

АЙТУАР ҚОШМАМБЕТОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «жедел-жәрдемнің бірнеше түрі бар. ол мемлекеттік болуы да мүмкін және жекеменшік жедел жәрдемдер де бар. халық хабарласқан кезде, жекеменшіктер көмек көрсету барысында олар шектеулі жылдамдықты бұзуы және жол ережелерін бұзуы мүмкін, бұл енді адамның өмірін сақтап қалу үшін жасалатын нәрсе. Алайда оларға айыппұл салып жатыр. бұл деген қиынға түсуде. Яғни, жекеменшік кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер бірдей жағдайда емес. Неліктен? Бұл сұрақты біз шешеміз деген ойдамыз. «Сосын әрдайым осы салық туралы отчеттар тапсыру керек, ол құжаттарды тапсыру керек. Бірден ұстап қалуға болатын еді деген ұсыныс бар. бұл да салық кодексіне енгізілетін жоба ретінде біз ұсынамыз. Кәсіпкерлікті оңай жүргізу біздің мақсатымыз.