#qyzylordatv #news #жаңалықтар #қызылорда #ұшақ #құтқарушы
Ал, біздің түсіру тобымыз бүгін Дінмұхаммед Бектұрғанның анасымен жүздесіп, сұқбаттасты.
Бұл бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған жазба. Қарапайым студент тәуекелге бел буып, ұшақ ішінде егде жастағы кісіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Баласының батылдығына анасы да тәнті болыпты.
ҒАЛИЯ НҰРСЕЙІТОВА - Д. БЕКТҰРҒАННЫҢ АНАСЫ «Ата-ана болған соң қорқамыз. Аман-есен жеттің ба деп хабарлассам, балам, мама мен қазір қайтадан звондаймын деп телефонды қойып қойды. Енді баламның даусында шамалы үрей болып тұрды. Сосын қайта звондап, рейсте бір кісі жүрек талмасы ұстап көмек көрсеттім деп айтты. Тірі алып қалдым деді. Өз аузынан бірінші естідім. Мен қобалжыдым әрине. Дегенмен баламның біреудің өміріне араша болғанына қуанышытымын».
Ғалия Талғатқызы саналы ғұмырын медицина саласына арнап келеді. Соның 28 жылы жедел жәрдем мекемесіндегі қызметі. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салаға алғашында баламды жуытқым келмеді дейді ол.
ҒАЛИЯ НҰРСЕЙІТОВА - Д. БЕКТҰРҒАННЫҢ АНАСЫ «балам бесінші класынан бастап дәрігер болдамын деді. Мен алғашқы кезде онша мақұлдамадым баламның шешімін. Мен де дәрігермін, әрі қарай қиын болады деп қарсылық білдірген болатынмын. Бірақ өзі, сосын папасының тарапынан қолдау болды. Сонымен өзі осы саланың иегері болуды қалап отыр».
Айта кетейік, Дінмұхаммедтің жасы 24-те. Ол Тасбөгет кентіндегі № 11 мектеп-лицейде оқыған. Жастайынан алғыр, ізденімпаз. Ал, анасы бұл оқиғадан соң кенже баласының есейіп қалғанын аңғарса керек.