#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #заңментәртіп #ұрлық #сот
«6 миллион теңгені ұрлады» деген күдікпен 34 жастағы тұрғын құрықталды. Бұл оқиға Жалағаш ауданында болған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланған. Ол тұрғын үйдің терезесін бұзып, жатын бөлмеден қомақты қаржыны үптеп кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Түркістан облысында қонақ үйде жасырынған жерінен ұсталды. Тінту кезінде қолды болған қаражат тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылған. Күдікті сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.