Қызылордалық табиғат жанашырлары «Қызыл кітапқа» енген мысық тұқымдастар қатарына жататын жыртқыш аңды ұстады. Оның облыс орталығына қайдан келгені белгісіз.
Қарақал. Сырт тұлғасы сілеусінге ұқсаған соң жұрт оны «Қарақұлақ» деп те атайды. Мамандар мен зооқорғаушылар жырқыш аңның Қызылордаға қайдан келгенін білмейді. Кеше кешкілік түз жануары қаладағы жеке тұрғын үйдің ауласына табылған.