#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #қалабюджеті #жоспар

 Биыл қала бюджеті 73 миллиард теңге көлемінде бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ға ұлғайып отыр. Негізінен қаржының басым бөлігі халықтың әл-ауқатын арттырып, өндіріс орындарын дамытуға бағытталмақ.

 Ауқымды жоспардың бірі – Сабалақ саяжайын көгілдір отынмен қамту. Бұл жұмыстар үш кезең бойынша іске асырылуда. Ал жалпы құны 998 миллион теңгені құрайтын Бәйтерек тұрғын ауданындағы көпір құрылысын биыл бастау көзделген. Сонымен қатар, былтыр қала бойынша құны 154 миллион теңгеге жуық 163 жоба әзірленіп, 2025 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 34 жобаны толық аяқтауға қомақты қаржы бөлінді. Жоспарда 8 тұрғын үйдің құрылысы мен 115 көшені күрделі және орташа жөндеу, 42 көшені жарықтандыру жобасы тұр.