#қызылорда #news #жаңалықтар #qyzylordatv #тазақазақстан #қармақшы #экология
Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында білім беру мекемелерінде танымдық сағаттар өткізілді. Ал, кішкентай қылқалам шеберлері «Экология – балалар көзімен» тақырыбында сурет салып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысып жүргендердің бірі - Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі. «Туған жерді түлетіп, айналаны гүлдендіру баршаға ортақ іс. Сондықтан игі шараға ұжым болып қатысамыз,- дейді мұғалімдер.
ӘЗИЗ ДОСБОЛОВ, ҚАРМАҚШЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Студенттерді еңбекке баулу мақсатында, кент тазалығын қамтамасыз ету мақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда.
Ал, Тәйімбет Көмекбаев атындағы № 250 мектеп-лицей оқушылары «Экология – балалар көзімен» тақырыбында сурет салып, тазалық шарасына қолдау білдірді. Мәселен, бесінші сынып оқушысы Айбикені зауыттардан шыққан қалдықтардың өзен, көлдерді ластап жатқандығы алаңдатады. Кішкентай суретші өз ойын сурет арқылы жеткізуді жөн санапты.
АЙБЕКЕ НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ ОҚУШЫ
Біз қоқыстарды реттеп, ластамауымыз керек. Кейбір зауыттар токсиндерді өзендерге, көлдерге құйып салады. Ол табиғатты қорлайды. Егер біздің еліміз жасыл еркін өссе, біздің ауамыз таза болады. Жасыл желек жеріміз де болады.
Мектепте апта сайын бастауыш сыныптан жоғары сынып оқушыларына дейін тәрбие сағаты өткізіліп тұрады. Ұстаздар туған жерді сүю, тазалыққа мән беру, үлкенді құрметтеу секілді тақырыпта тәлім беріп, ұлықты ұрпақ тәрбиелеп келеді.
АҚМАРАЛ ӘБДІРАХМАНОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Елін қорғауға, отанын сүюге, тазалыққа тәрбиелеп жатырмыз балдарды.
Иә, тәрбие - тал бесіктен. Кішкентайынан тағлымды тәрбие, терең білім алған баланың болашағы жарқын болары хақ. Мектеп ұжымы осы бағытта байыпты бастамаларды жалғастыра беретін болады.