#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #медицина
Сыр медицинасында серпін бар. Салаға көрсетілген қолдаудың арқасында аймақта жалпы өлім-жітім азайып, аурушаңдық төмендеген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов баспасөз брифингінде баяндады.
ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // жалпы өлім көрсеткіші 4,0%, туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 5,5%, қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 4,4%, жүрек-қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 10,5 пайызға төмендеді. . Күтілетін өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұзақтығы облыс бойынша 74,6-ға жетті.
Былтыр сала бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды. Сондай-ақ, жылына 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар жаңа «Қан орталығы», ана мен бала өмірін қорғау үшін көпбейінді облыстық аурухана базасында 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды және жаңа МРТ аппараты іске қосылды. Бұдан бөлек, 57 жас маман өңірге жұмысқа орналасып, олардың 40 пайызы елді мекендерге жолданды.