#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #инфоқұрылым
Былтыр облыс орталығындағы 21 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 71 жоба жүзеге асырылды.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы журналистерге арналған брифингте атқарылған жұмыстарға тоқталды. Негізгілеріне тоқталсақ, Қызылжарма каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі пайдалануға берілді. Бес көше қайта жаңғыртудан өтсе, үш көшеге күрделі жөндеу жүргізілді. 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдары қайта жаңғыртылды. Қаланы көгалдандыру мақсатында 11 мыңнан астам көшет егіліп, арықтар тазартылды.
МҰРАТ ӘБСҰЛТАНОВ - ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
/ 24 жылы 1 млрд 844 мың теңгеге 56,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге Тасбөгет, Белкөл кентіне 6,9 шақырымды құрайтын 7 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілді. Қаламыздағы үлкен жобалардың бірі 1 млрд теңгені құрайтын Назарбаев даңғылын абаттандыру, Қожа Ахмет Яссауи көшесін абаттандыру жұмыстары толықтай жүргізілді. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, велосипед жолы мен көгалдандыру жұмыстарымен қоса атқарылды.