#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #орман #табиғат #табиғатзаңдылығы #қорғау

Былтыр өңірде орман шаруашылығын қорғаy бағытында 67 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, табиғат заңдылығын бұзудың 70 дерегі анықталған. Оның төртеуі өрескел заңбұзушылық. Бұл туралы облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мұрат Нұрмағанбетов айтты.

 Жалпы облыс бойынша мемлекеттік орман қорының аумағы 7 млн 541 мың 848 гектарды құрайды. Өткен жылдың наурыз айында инспекция орманды өрттен қорғау үшін облыс көлемінде тексерулер жүргізген. Нәтижесінде, өртке дайындық дәрежесі бойынша Шиелі, Қазалы орман мекемелерінің қанағаттанарлықсыз деңгейде екені анықталған. Сондай-ақ, орман заңнамаларын бұзудың 23 дерегі тіркеліпті. Ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану заңнамасын бұзудың 47 дерегі белгілі болса, киікке қатысты 4 қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде.

 МАРАТ НҰРМАҒАНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 67 рейд ұйымдастырылды, рейдттік жұмыстар барысында барлығы 70 табиғат бұзушылық анықталып, оның ішінде 66 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 табиғат заңдылығын өрескел бұзушылық құқық қорғау органдарына жолданған. Табиғатқа келтірілген 8 млн 538 мың теңге залал өндірілді. Бұл тек қана инспекцияның өзінің ашқан қылмыстары бойынша. Инспекция облыс көлеміндегі орман иеленушілердің табиғат заңнамаларының сақталуына 36 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 36 ұйғарым берілді.