#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #құтқарушы #марапат #облыс #алғысхат

 Облыс әкімі «Қызылорда - Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалған студент Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасымен кездесті. Баласының батыл қадам жасағаны үшін алғыс білдіріп, оқу ақысын төлеуге қолдау жасайтынын айтты.

 Дінмұхаммед Бектұрған Астана медицина университетінің 7-курс студенті. Қазір интернатурада оқиды. Болашақ медицина маманы оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлаған. Нұрлыбек Нәлібаев осыған орай Дінмұхаммедтің оқу ақысын төлеуге қолдау білдірмек.

Айта кету керек, бұған дейін Дінмұхаммед Нұрболатұлын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қабылдап, министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттаған болатын. Сондай-ақ ол Астана медицина университеті ректорының, «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалы жетекшісінің және «ҚазақЭйр» компаниясы экипаж командирінің Алғыс хатына ие болды.