#жаңалықтар #қызылорда #news #qyzylordatv #баспана #қоныстой

Биыл бір мыңнан астам қызылордалық қоныс тойын тойламақ. Жаңа пәтерлер мемлекеттік бағдарлама аясында аз қамтылған жанұяларға беріледі.

Ал, былтыр мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Соның ішінде Сырдария өзенінің сол жағалауынан 504 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір дәл сондай 10 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнымен қоса, алдағы бюджеттік нақтылауға ұсыну үшін 150-ге жуық пәтердің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

    Айта кетерлігі, өткен жылы әлеуметтік осал топтарға 936 пәтер табысталған. Әзірге осы жылға бөлінген қаржы аз. Дегенмен, жыл соңына дейін бюджетке толықтырулар енгізілері белігілі. Сондықтан, мыңнан астам жанұяға баспана кілтін табыстау жоспарда, дейді сала жетекшісі.

 ЖЕҢІС ФАЙЗУЛЛАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 2024 жылы осындай жылдың басында бізге тек 250 пәтерге ғана ақша берген. Біз жыл көлемінде бюджетке ұсынып, 936 пәтерге дейін көтеріп, осал топтар үшін пәтерлер сатып алдық. 2025 жылға бізге 3,8 млрд теңге бөлініп тұр. Оған біз тек 290 пәтер ғана сатып ала аламыз. Дегенмен, жыл соңына дейін 12 млрд теңге бөлінуі мүмкін.