#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #малдәрігері

Аймақтың ветеринария саласында алға жылжу бар. Былтырдан бастап осы салада еңбек ететін мамандар жыл бойы жалақы алатын болды. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жақсартуға ерекше екпін беріліп жатыр. Нәтижесінде, аймақтағы эпизоотиялық ахуал тұрақталды. Бұл туралы басқарма басшысы баспасөз брифингінде баяндады.

 Былтыр 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып, аудандарға жеткізілген. Ал, диагностикалық зерттеу нәтижесінде 10 бас мүйізді ірі қарадан, 286 бас уақ малдан бруцеллез ауруы анықталған. Сондықтан, ветеринариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылып, мал иелеріне қажетті өтемақы төленген. «Бұдан басқа ауру-сырқаудан мал шығыны жоқ» деді басқарма басшысы. Оның айтуынша, жағдайдың тұрақтануына салаға көрсетілген қолдау оң ықпал еткен. Соңғы 3 жылда облыс бюджетінен 683 млн теңгеге жуық қаржы бағытталған. 71 арнайы автокөлік пен арнайы құрал-жабдықтар сатып алынған. Ал сала мамандарына тұрақты түрде жалақы төлене бастады.

 ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // осыдан үш жыл бұрын ең төменгі жалақы 40 мың теңге болса, ең жоғары жалақы. Қазір ең төменгі жалақы 140 мың теңге. Ең жоғарғысы 280 мың теңгеге көтердік. Мамандардың басқа жұмысқа ауысуы тоқтады. Қазір негізінен жастар көбейді. 60 пайызға дейін жастар болып саналады.