#qyzylordatv #қазақстанжаңалықтары #news #жаңалықтар #қызылорда #табыс #жұмыс

Жұмысшы мамандықтар жылына орай кәсіпте жетістікке жеткен жандар қызылордалық жастармен кездесті. Жиында мәртебелі маман болудың қыр-сырымен бөлісті. Олар «Табыстың тетігі - тынымсыз еңбекте» екен айтады.

Сәрсенкүл Аралбаева - Сыр еліндегі іскер әйелдің бірі. 2012 жылдан бері сан салада жұмыс істеп, тек бертінде ғана өндіріске бұт бұрған. Былтыр қала іргесіндегі Ақсуат ауылында шағын шұлық шығаратын цех ашып, жұмыс істеп жатыр. Оның айтуынша, табысқа жету үшін табандылық қажет.

СӘРСЕНКҮЛ АРАЛБАЕВА – КӘСІПКЕР

Кәсіптің ешқашан оңайы болмайды. Барлығына да төзім керек. Әлі жассыздар. Бүгін бастап, ертең тастап кетуге болмайды. Соның бәріне шыдаған адам нәтижеге жетеді.

Ал Ерлан Орынбаев агросаланың майталман маманы. 2020 жылдан бері жылыжай ісін жандандырып келеді. Қазір қала іргесіндегі шаруашалықтың бірінде жұмыс істейді.

ЕРЛАН ОРЫНБАЕВ - БАҒБАН

Жылына 200-300 тоннадай өнім аламыз. Оны осы қызылордадағы көк базарға және дүкендерге тасымалдап жеткіземіз.

Жастармен жүздескен жандар бейнетте береке барын, қарапайым қызмет атқарып-ақ, құрметті болудың қыр-сырын жеткізді. Ең бастысы «табыс төгілген термен бағалы» екенін айтады.