#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news

Қалалық қоғамдық даму бөлімі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, діни және этносаралық қарым-қатынасты нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту және жастар саясатын жүргізу бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Бүгінде қалада қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауапты мемлекеттік органдар дер кезінде тиісті шаралар қабылдауда. Ал, деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мақсатында қала әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық топ тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде өткен жылы белгіленбеген орындарда діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату фактілерінің 10 дерегі анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

     Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру да негізгі міндеттердің бірі.

АЙДЫН ҚАЙРУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \2024 жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында «NEET» санатындағы жастардың саны 2 480 адамды құрады. жастар орталығы мен кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен 1583 жасқа адрестік жұмыстар жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталды. «Ozger Team» ұлттық бастамасы аясында Қызылорда қаласында «Ozger Orda» жобасы жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты уақытша жұмыссыз жастарға жаңа дағдылар беру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысу үлесін арттыру. Қазіргі таңда 50 жас қамтылды. Нәтижесінде 5 жас қайтарымсыз гранттарға ие болса, 10-нан астам жас тұрақты жалдамалы жұмыстарға орналасты.