#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #қаламгер

Жазушы, журналист Сейіл Боранбайұлының туғанына биыл 95 жыл. Артында өшпес мұра, үлгілі із қалдырған қаламгердің есімін ел жадында жаңғырту мақсатында қаладағы №8 орта мектепте жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Жас ақындар арасындағы жыр бәйгесі жас ерекшелігіне орай екі топта ұйымдастырылды. Алдымен қатысушылар Сейіл Боранбаевтың өлеңін жатқа оқыса, одан соң ақынға арнауын айтты. Үшінші кезеңде талапкерлерге сол сәтте өлең жолдарын жалғап, ұйқас құрау шарты қойылды.

 Қазылар алқасының құрамында ақынның ұлы мен ұстаздар болып, жас ақындардың талабына сәттілік тіледі.

Сейіл Боранбаев 1930 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Қостанай облысында мұғалімдіктен бастаған ол Қызылордада, Қазалы ауданында білім саласында қызмет етті. «Ленин жолы» газетінде редактор, «Социалистік жол», «Ленин туы» газеттерінде жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасары болып абыройлы еңбек етті. Мүшәйрада оқушылар ақынның шығармашылығын насихаттап, жыр шумақтарына арқау етті.

Барлық қытысушыларға алғыс хаттар табысталып, жүлдегерлерге Сейіл Боранбайұлының ұрпақтары естелік сыйлықтар тарту етті.