#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #байқоңыр #туризм

 Байқоңырда туризмді дамытудың жоспары әзірленіп жатыр.

Қазіргі таңда оның негізгі бағыттары айқындалуда. Мәселен, Байқоңыр ғарыш айлағында қазақстандық тарап музей ашатын болады. Сондай-ақ «Бәйтерек» кешені мен «Инфракос» мекемесіне турист әкелуге мүмкіндік беріледі. Жалпы қазіргі таңда Байқоңыр ғарыш айлағына турист кіргізу мүмкіндігіне ие 6 агенттік бар. Оның үшеуі қазақстандық туроператорлар. Солардың көмегімен былтыр Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшырылымдарды 10 мыңға жуық турист тамашалаған. Биыл бас-аяғы 9 ұшырылым жоспарланып отыр. Оның ішінде біреуі «Бәйтерек» кешенінен ұшырылады.

ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазақстан. Ресей... «Қазір де ол зымыран ұшатын орнын тамашалауға адамдар қызығушылық білдіріп жатыр. Біздің қазақстандық туристерді аралап көрсетуге мүмкіндік бар. Жылдан жылға халық арасында турзмге деген қызуғышылық дамып жатыр. Сұраныс болғаннан кейін бұл тұрғыда даму болады әрине. Үкіметаралық комиссияда «Бәйтерек» және «Инфракос» екі мекемесі туроператор есебінде бекітілді. Яғни, олар әрі қарай қазақстандық турагенттіктермен жұмыс істеп, ғарыш айлағына турист әкелуге мүмкіндік алады».