#qyzylordatv #қазақстанжаңалықтары #news #жаңалықтар #участок #мөлтекауданы #жертелімі

 «Бәйтерек» мөлтек ауданынан берілген жер телімдері әлі де игерілмей жатыр. Онда қоныс аударушылардың қарасы аз. Сондықтан табысталған жерді кәдеге жаратпаған тұрғындар учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып жатыр.

ИбнМақсұт Рахметов –тілші

  Қазір қала бойынша 70 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр. Алайда бұған дейін жер телімін алғандар оларды өз мақсатына пайдалануға асығар емес. Сондықтан игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары басталды.

МЕЙРАМБЕК ӘЖІБЕКОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Монторинг жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесімен мақсатсыз игерілмеген 1339 учаске анықталды. Аталған учаскелерді мемлекет меншіге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл «Бәйтерек 2» мөлтек ауданын ашу жоспарланып отыр. Онда халыққа қажетті инфрақұрылым желілері тартылады. Бөлім басшысы осылайша, 2600-ден аса тұрғынға жер учаскесін табыстауға мүмкіндік барын айтып отыр.

МЕЙРАМБЕК ӘЖІБЕКОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бәйтерек мөлтек ауданында игерілмеген жер учаскелері мен Бәйтерек-2 ауданын ашқан жағдайда 2606 учаскені табыстау мүмкіндігі бар. Бұл учаскелер 2005 жылғы кезекті толық аяқтауға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ, жауапты сала жетекшісі былтыр мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленген 79 тұлғаға әкімшілік шара қолданылғанын айтты. Оларға 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.