#qyzylordatv #жаңалықтар #қызылорда #news #байқоңыр #аурухана

Байқоңыр қалалық ауруханасы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Жаңа қондырғыларды табыстау іс-шарасына Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мен қалалық әкімшілік басшысы Константин Бусыгин қатысты.

 Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасында бұған дейін компьютерлік томография болмаған. Қала халқы тексерістен өту үшін ресейлік аурухана базасына жүгініп немесе облыс орталығына баратын.Енді міне бұл мәселе оң шешімін тапты. Компьютерлік аппарат күніне 40 адамды тексерістен өткізе алады.

ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «жалпы осы Бақоңыр қаласындағы медицина саласына жергілікті бюджеттен 850 млн теңгеге жуық қаражат бөлдік. Ол осы медицинаның деңгейін көтереді деген ойдамыз. Байқоңыр қаласында бізде жаңа оталардың түрлерін, медициналық көмектің жаңа енгізулелір жоспарланып жатыр. Осыған орай біз заманауи аппараттарды орнатып жатырмыз. Компьютерлік томография толыққанды тексерістен өтуге мүмкіндік жасайды.

 Көпбейінді ауруханаға маммография қондырғысы да орнатылды.Медицина мекемесінің мұндай аппараты осыдан 3 жыл бұрын істен шығып, әйелдер скринигтік тексеріс кезінде өзге емханалардан өтіп келіпті.

ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес маммографиялық тексеру әйелдер үшін скринингтік тексеру кезінде міндетті болып табылады. Бұған дейін біз осы мәселені шешу үшін Қазақстан халқы қорына алған медициналық кешенмен осы Байқоңыр қаласына жіберіп, айлап осы жерде тұрғызуға мәжбүр болғанбыз. Енді осы аурухана базасында медициналық көмекті алу мүмкіншілігі бар».

Сондай-ақ Төретам кентінің ауруханасындағы флюорография қондырғысы осыдан бірнеше жыл бұрын істен шыққан. Бұл олқылықтың да орны толып, тұрғындардың саулығы үшін жаңа қондырғы орнатылды.

 КОНСТАНТИН БУСЫГИН – БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІҢ БАСШЫСЫ /аударма/ «кейбір құрылғылардың болмауы ең алдымен тұрғындар үшін қиын болды. Бүгін сол мәселенің шешімі табылғанына қуаныштымын. Былтыр гемодиализ орталығы ашылды, бүгін міне томография, маммография беріліп жатыр.

 ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ Денсаулық сақтау министрлігіне, аймақ басшысына алғысымызды айтамыз. 850 млн теңге деген үлкен қаражат. Осы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады деп ойлаймыз.

Айта кетейік, биыл аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр.